
💧 Ауыз су қауіпсіздігі – халық денсаулығының маңызды кепілі
2026 жылғы 10 қыркүйекте «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның өтінішіне сәйкес, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қойшанова Райхан Мусалиевнаның қатысуымен семинар өткізілді.
📌 Семинар барысында халықты сапалы әрі қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмысы, сарқынды суларды қабылдау және ағызу тәртібі, белгіленген нормативтердің сақталуы, сондай-ақ қолданыстағы санитариялық талаптарды тәжірибеде дұрыс қолдану мәселелері талқыланды.
🗣️ Департамент басшысы Р. Қойшанова тұрғындар мен кәсіпкерлерге ауыз суды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес пайдалану, судың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
❓ Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, санитариялық талаптарды сақтау және ауыз су қауіпсіздігіне қатысты нақты әрі толық жауаптар алды.
💙 Таза ауыз су – халық денсаулығының негізі!
#Ақтөбеоблысы #СанитариялықЭпидемиологиялықБақылау #АуызСу #ТазаСу #СуҚауіпсіздігі #СанитариялықТалаптар #Атамекен #Ақтөбе








