«ОТБАСЫ БАНКТІҢ» КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    «ОТБАСЫ БАНКТІҢ» КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    Қаладағы Бәйдібек би даңғылының бойынан «Отбасы банктің» жаңа консультациялық орталығы ашылды. Сонымен қатар, «Pioneer Group» құрылыс компаниясының жаңа сату бөлімі жұмысын бастады. Іс-шараға «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев, компания өкілдері, банктің салымшылары, қала тұрғындары қатысты.

    Бұған дейін «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалы мен «Pioneer Group» ЖШС арасында ынтымақтастық келісімшартына қол қойылған болатын. Бүгін қаладағы белгілі құрылыс компаниясы жаңа ғимаратқа қоныстанып, жаңа тұрғын үй кешенін көпшілікке таныстырды.

    «Pioneer Group» ЖШС құрылтайшысы Шыңғыс Сейіткәрімұлы үшінші жобаны іске асырып жатқанын, қала тұрғындары үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалатынын атап өтті. Көпшіліктің назарына ұсынылған Big Tulpar тұрғын үй кешені қалада инфрақұрылымы дамыған ауданда орналасқан.

    Дәурен Мұратұлы көпшілікті жаңа сату бөлімі мен жаңа консультациялық орталықтың ашылуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кезекті Орталықтың басты мақсаты – қала тұрғындарына баспаналы болудың тиімді жолдарын көрсетіп, тұрғын үй бағдарламалары жөнінде толыққанды ақпарат беру.

    – Біз құрылыс компаниясымен бірлесе жұмыс істейміз. Бірнеше бағдарламаны жүзеге асырдық. Сол себепті де, банк салымшылары үшін кезекті орталықтың тұсауын кесіп отырмыз. Қазіргі уақытта қаланың шағынаудандарында, сауда орталықтарында кеңес беру бөлімдері жұмыс істейді. Тұрғындар осы кеңесшілерге келіп түрлі бағдарламалар бойынша толық мәлімет ала алады. Біз әрбір азаматтың өз шаңырағына ие болуына жағдай жасай береміз, – деді Д.Саудабаев.

    Жаңа консультациялық орталықтар халықтың баспаналы болуына мүмкіндік беріп, түрлі бағдарламалар жөнінде ақпараттандырады. Осылайша құрылыс компаниясы мен Отбасы банк жаңа бағдарламаларды бірлесе іске асырмақ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары