Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

    🇰🇿🇨🇳 2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты.
    🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
    🥈 Күміс медаль иегерлері:
    • Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
    • Әли Еркебұланұлы - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
    • Батырхан Бейганов - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
    🥉 Қола медаль иегерлері:
    • Ерасыл Алтынбек - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
    • Марғұлан Шарел - Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
    • Амирлан Аманжолов - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
    👨‍🏫 Құрама жетекшілері:
    • Асылбек Әбдіәшімұлы Исахов - Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті;
    • Қанат Қайратұлы Сатылханов - халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
    📚 Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді әрі ең көне пәндік олимпиадалардың бірі. Қазақстан бұл білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.
    ❗️ Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын иеленді. Бұл қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, педагогтердің жүйелі еңбегін және Қазақстанның халықаралық олимпиадалық қозғалыстағы берік орнын тағы бір мәрте айқын көрсетті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары