Оқу-ағарту министрі №109 «Келешек мектебіндегі» сенбілікке қатысты

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана қаласындағы №109 «Келешек мектебінде» «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
    🌳 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілік қағидаттарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
    🌱 Сенбілік барысында министр мектеп оқушыларымен және педагогтермен бірге ағаш отырғызып, мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты.
    💬 Жұлдыз Сүлейменова оқушылармен әңгімелесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, тазалықты сақтау, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ мектеп ұжымымен кездесіп, білім беру және тәрбие мәселелерін талқылады.
    💧 «Таза Қазақстан» құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру - экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі. Табиғатты аялау, туған жерге жанашырлық таныту және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарау күнделікті әрекеттен басталады.
    ✅ Мұндай шаралар оқушылардың еңбекке құрметін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары