БҰҰДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ

    БҰҰДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ

    Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов, депутаттар Айболат Бекжасаров пен Анатолий Калинкин, сондай-ақ аппарат басшысы Азат Құсайынов Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) делегациясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі реформасы, Семей қаласын дамыту мәселелері, сондай-ақ басқа да өзекті бағыттар талқыланды.

    Тараптар мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмасты, одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, Семей қаласын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары