Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен бір ошақтан топтасқан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты атқарылған іс-шаралар және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануын және таралуын алдын-алу, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде 04.09.2026 жылғы №300-НҚ бұйрығы негізінде дөңгелек үстел өткізілді.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық инспекциясы, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы, Мұнайлы аудандық ішкі істер органдары өкілдері, Ақтау қалалық және Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары қатысты.

    Дөңгелек үстелде бруцеллез ауруының таралуының алдын-алу, ауру ошағын оқшаулау, ветеринариялық-санитариялық шараларды күшейту және жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары