
Маңғыстау облысы аумағында 15 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектептің 8–9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері балаларға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілік түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың қажеттілігі айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейту.
Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық кездесулерді тұрақты түрде өткізу балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз орта құруға ықпал ететінін атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DdEB6pps99S/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==









