Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық немесе қорғаншылық қалай тағайындалады?
Қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын білім бөлімдері орындайды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен айқындалған.
Қамқоршылықты тағайындау тәртібі:
1. Тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне жүгіну;
2. Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы өтініш беру;
3. Құжаттарды қарау;
4. Мемлекеттік деректер базасы арқылы мәліметтерді тексеру;
5. Шешім қабылдау;
6. Қамқоршыны немесе қорғаншыны ресми тағайындау.
Қажетті құжаттар:
• жеке басын куәландыратын құжат;
• баланың туу туралы куәлігі;
• неке туралы мәліметтер (бар болса);
• наркологиялық және психиатриялық есепте жоқ екендігі туралы анықтама;
• тұрғын үй құжаттары;
• табыс және әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер;
• соттылық туралы мәліметтер (жүйе арқылы алынады).
Қайда жүгіну керек:
• білім бөліміне (қамқоршылық органы);
• ХҚКО-ға;
• электрондық үкімет порталына.