Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес конкурс негізінде беріледі.
Гранттың ең жоғары мөлшері – 5 млн теңге, жобаны іске асыру мерзімі – 18 айға дейін.
Конкурсқа:
• әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
• «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.
Негізгі талаптар:
• жоба құнының кемінде 20%-ын қоса қаржыландыру;
• жаңа жұмыс орындарын құру;
• қажетті инфрақұрылымның болуы немесе оны дамыту жоспарының болуы.
Грант қаражаты:
• құрал-жабдық сатып алуға;
• шикізат пен материалдар алуға;
• технологиялар мен франшизалар сатып алуға;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге;
• жаңа технологияларды енгізуге жұмсалуы мүмкін.
Грант қаражатын жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, жеңіл автокөлік және бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.
Өтінімдер kezekte.kz платформасы арқылы қабылданып, облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы қаралады.