Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесі Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аттестаттау нәтижелері бойынша беріледі. Аттестаттауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

    Тұқымдарды өткізуші мәртебесін алу үшін өтініш беруші келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

    • тұқымдарды сақтау үшін олардың сапасын сақтауды қамтамасыз ететін қойма немесе сақтау орындарының болуы;

    • тұқымдарды тазалау, өңдеу, сақтау және өткізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы;

    • тұқымдарды буып-түю және таңбалау үшін арнайы ыдыстар мен жағдайлардың болуы;

    • тұқымдардың әр партиясы бойынша олардың саны, шығу тегі, сапасы және сорттық және егістік сапаларын растайтын құжаттары көрсетілген есеп жүргізу;

    • өткізілетін тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын құжаттардың болуы;

    • тұқымдарды сақтау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау.

    Аттестаттаудан өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға өтініш және қажетті құжаттарды ұсынады. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұқымдарды өткізуші мәртебесін беру немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тарту туралы шешім қабылданады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шартты жер үлесіне құқықты қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес 2003 жылғы20 маусымдағы редакцияда өздеріне тиесілі құқықты бұрын жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда төмендегі әрекеттердің бірін жасау арқылы ос...

    Сұрақ

    Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелері бөлігінде қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қарсы міндеттемелер енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді....

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің тәртібі қандай?

    Жауап

    Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мү...

    Сұрақ

    Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    «Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы ж...

    Сұрақ

    Астық қолхаттарын шығару арқылы қоймалық қызмет көрсетуге лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы – арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған). Лиц...

    Сұрақ

    Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру тәртібі

    Жауап

    Қазақстан Республикасы жер кодексінің 43 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру, елді мекеннің (кенттің, ауылдың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде объектілер салу үшін көзделген жа...