Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы – арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
Лицензия алу үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1. лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2. біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1. лицензия беру – 10 (он) жұмыс күні;
2. лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
3. лицензияны электрондық форматқа көшіру – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет қызмет алушыларға ақылы негізде көрсетіледі:
1. лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
2. лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Нәтиже қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.