Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің тәртібі қандай?

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің тәртібі қандай?

    Жауап

    Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары.

    1) Қағаз түрінде тіркеу пункті (қызмет көрсетуші) арқылы өтініш берген кезде:

    1)тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) кеңсе қызметкері құжаттар пакетін қабылдайды, тіркейді және өтініштің қабылданғанын растайды, құжаттар пакеті қабылданғанын көрсететін белгі қояды, оның көшірмесінде қабылдау күні мен уақытын көрсетеді және тіркеу

    2) пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысына жолдайды;
    тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысы құжаттарды қарайды және орындау үшін тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) жауапты орындаушысына (бұдан әрі – инженер-инспекторға) жолдайды;

    3)инженер-инспектор тіркеу әрекеттерін жүргізеді, деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, оны тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысына қол қою үшін жолдайды;

    4)тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) кеңсесіне жолдайды;

    5)тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) кеңсе қызметкері қызмет алушыға тіркеу құжатын (дубликатын) және (немесе) нөмірлік белгіні береді, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

    Портал арқылы электрондық түрде өтініш берген кезде:

    1)қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;

    2)инженер-инспектор портал арқылы түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және тіркеу пунктінің (қызмет көрсетушінің) басшысына қол қою үшін жолдайды;

    3)қызмет алушыға тіркеу құжатының (дубликатының) және (немесе) нөмірлік белгілердің дайын екендігі туралы, оларды беру уақыты мен орны көрсетілген хабарлама осы Ережелердің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолданады, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шартты жер үлесіне құқықты қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес 2003 жылғы20 маусымдағы редакцияда өздеріне тиесілі құқықты бұрын жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда төмендегі әрекеттердің бірін жасау арқылы ос...

    Сұрақ

    Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелері бөлігінде қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қарсы міндеттемелер енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді....

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесі Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аттестаттау нәтижелері бойынша беріледі. Аттестаттауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқа...

    Сұрақ

    Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    «Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы ж...

    Сұрақ

    Астық қолхаттарын шығару арқылы қоймалық қызмет көрсетуге лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы – арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған). Лиц...

    Сұрақ

    Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру тәртібі

    Жауап

    Қазақстан Республикасы жер кодексінің 43 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру, елді мекеннің (кенттің, ауылдың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде объектілер салу үшін көзделген жа...