Шартты жер үлесіне құқықты қалай қалпына келтіруге болады?

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Шартты жер үлесіне құқықты қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес 2003 жылғы
    20 маусымдағы редакцияда өздеріне тиесілі құқықты бұрын жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда төмендегі әрекеттердің бірін жасау арқылы осы құқықты іске асыруға міндетті:

    1) жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға;

    2) шаруа (фермер) қожалығын немесе тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін дербес жүргізу үшін жер учаскесін уақытша ортақ немесе бөлек пайдалануға алуға;

    3) шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беруге құқылы.

    Бұл ретте шартты жер үлестерінің есебіне жер учаскесін бөлу (қалыптастыру) жерге орналастыру тәртібімен жүзеге асырылады.

    Жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы пайда болған сәттен бастап бұрынғы шарттар (шартты жер үлесіне құқықты жалдау шарты және жалға алынған үлестер есебінен жер учаскесін жалдау (өтеусіз жер пайдалану) шарты) күшін жоғалтады.

    ҚР Жер кодексінің 170-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес 2003 жылғы 20 маусымдағы редакцияда егер өзіне тиесілі құқықты жалға берген шартты жер үлесіне құқық иесі Осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде жер учаскесін алу құқығын іске асырмаса, оның шартты жер үлесіне құқығы күшін жоғалтады және жер учаске іске асырылмаған шартты жер үлестерінің есебіне аудандық (қалалық) атқарушы органның шешімі бойынша ауданның арнайы жер қорына есептеледі.

    Осылайша, егер шартты жер үлесіне құқықтар 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырылмаған жағдайда, онда жер үлесі құқығын басқаға беру туралы шарттың күші жойылды.

    ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелері бөлігінде қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қарсы міндеттемелер енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді....

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесі Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аттестаттау нәтижелері бойынша беріледі. Аттестаттауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқа...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің тәртібі қандай?

    Жауап

    Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мү...

    Сұрақ

    Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    «Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы ж...

    Сұрақ

    Астық қолхаттарын шығару арқылы қоймалық қызмет көрсетуге лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы – арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған). Лиц...

    Сұрақ

    Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру тәртібі

    Жауап

    Қазақстан Республикасы жер кодексінің 43 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру, елді мекеннің (кенттің, ауылдың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде объектілер салу үшін көзделген жа...