Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелері бөлігінде қандай өзгерістер енгізілді?

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелері бөлігінде қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қарсы міндеттемелер енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

    Енді субсидия алушылар агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім көлемінің ақшалай мәнде өткен жылғы деңгейден төмендемеуін немесе өсімін қамтамасыз етуге міндетті. Есептеу ГИСС жүйесінде өндірілген өнім көлемі мен Ұлттық статистика бюросының орташа нарықтық бағалары негізінде автоматты түрде жүргізіледі.

    Қарсы міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер ГИСС жүйесінде тіркеліп, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді болады.

    Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайлары, төтенше жағдайлар немесе фитосанитариялық қауіптер сияқты форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде міндеттемелердің орындалмауы уәкілетті органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

    Расталған форс-мажорлық жағдайларсыз қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші субсидия алу құқығынан айырылады: бірінші бұзушылық кезінде — 1 жылға, қайталанған жағдайда — 2 жылға.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шартты жер үлесіне құқықты қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 170-бабының 4-тармағына сәйкес 2003 жылғы20 маусымдағы редакцияда өздеріне тиесілі құқықты бұрын жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда төмендегі әрекеттердің бірін жасау арқылы ос...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесін алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуші мәртебесі Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аттестаттау нәтижелері бойынша беріледі. Аттестаттауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқа...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеудің тәртібі қандай?

    Жауап

    Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мү...

    Сұрақ

    Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    «Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы ж...

    Сұрақ

    Астық қолхаттарын шығару арқылы қоймалық қызмет көрсетуге лицензияны кім ала алады?

    Жауап

    Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы – арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған). Лиц...

    Сұрақ

    Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру тәртібі

    Жауап

    Қазақстан Республикасы жер кодексінің 43 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесіне құқық беру, елді мекеннің (кенттің, ауылдың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде объектілер салу үшін көзделген жа...