Ауланы абаттандыруға қалай өтініш беруге болады?
Аула аумағын абаттандыру үшін «Халық қатысатын Бюджет» (ХҚБ) бағдарламасына қатысу қажет.
Халық қатысатын бюджет – бұл азаматтарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды ұсынуға және таңдауға мүмкіндік беретін механизм.
Абаттандыру түрлері:
- Орындықтарды, урналарды, жарықтандыруды орнату;
- Балалар және спорт алаңдары;
- Аулаларды көгалдандыру;
- Тротуарлар мен гүлзарларды жөндеу;
- Шағын архитектуралық нысандар (шатырлар, қоршаулар және т.б.).
Жобалық ұсыныс критерийлері:
- Нысан жалпы пайдалану үшін болуы керек – барлық тұрғындарға қол жетімді;
- Нысан аудан аумағында болуы керек;
- Ұсыныс аудан тұрғындары үшін өзекті болуы керек;
- Іске асыру бір қаржы жылы ішінде жүзеге асырылады.
«Халық қатысатын бюджеті» шеңберінде жобаны іске асыру кезеңдері.
Аудан әкімдерінің «Халық қатысатын Бюджет» сервисіндегі парақшасында:
- өтінімді толтыру (жобаның атауы, оның сипаттамасы, мекен-жайы/орналасқан жері);
- фотосуретті тіркеу (жобалық ұсыныстың эскизі, сызбасы және сметасы);
- жоба сараптамадан өтеді-критерийлерге сәйкестігі тексеріледі;
- онлайн-дауыс беру өтеді-тұрғындар қатысады;
- жеңімпаз жобалар жоспарға енгізіліп, бір жыл ішінде жүзеге асырылады.