Ағашты кесуге рұқсатты қалай алуға болады?
Ағашты кесуге рұқсатты қалай алуға болады?
Ағашты кесуге рұқсат алу үшін оны алып тастау қажеттігін растайтын комиссия жүргізген тексеру актісін алу қажет.
Әрекет ету тәртібі:
- Ағашты кесуге рұқсат алу үшін өтініш беру.
- Ағашты тексеру және акт жасау үшін комиссияның келуін күту.
- Тексеру нәтижесі бойынша ағашты кесуге рұқсат алу.
Өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы беруге болады: www.egov.kz немесе www.elicense.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.