Тұрғын үй ауласындағы қоқыс контейнер алаңын қалай басқа жерге көшіруге болады?
Қоқыс контейнер алаңын көшіру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Үй тұрғындарының жалпы жиналысын өткізу.
- Жиналыста контейнер алаңын көшіру қажеттілігін талқылап, оны орналастыруға ұсынылатын жаңа орынды анықтау.
- Жиналыс қорытындысы бойынша тұрғындардың контейнер алаңын көшіру туралы шешімі көрсетілген хаттама жасау.
- E-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы әкімдікке өтініш жолдау.
- Өтініште контейнерлерді көшіру себебін көрсету (мысалы: жағымсыз иіс, шу, тұрғын үй терезелеріне жақын орналасуы, санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі және т.б.).
- Контейнер алаңын орналастыруға ұсынылатын жаңа орынды көрсету.
- Өтінішке тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасын қоса тіркеу.
- Аумақты тексеру үшін комиссияның келуін күту.
- Өтініш қаралғаннан кейін уәкілетті органның шешімін және контейнер алаңын көшіру мерзімдері туралы ақпарат алу.
Контейнер алаңын көшіру аумақты тексеру жүргізіліп, ұсынылған жаңа орынның санитарлық және техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мамандардың қорытындысы алынғаннан кейін мүмкін болады.