Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз адамның қамқоршысы орнатылды .
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқоршының міндеттері:
1) қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды күтіп-бағу, олардың күтімі мен емделуін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы қамқорлық жасауға міндетті.
2)қорғаншы қорғаншы және қамқоршы органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы, сондай-ақ оның мүлкін басқару жөнінде жылына кемінде бір рет есеп беруге міндетті.
3) қорғаншылар мен қамқоршылар қорғаншы және қамқоршы органдарға тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарлауға міндетті.
4) Қорғаншының немесе қамқоршының өз міндеттерін тиісінше орындамауына, оның ішінде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалануына не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдыруға тыйым салынады.