Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес,
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 187-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша аумақтық бөлімшеге хабарлауға міндетті.