Жалақыңыз уақытылы немесе толық төленбесе
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 113-бабының 1 тармағына сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді деп көрсетілген.
Егер, Сіздің айлық жалақыңызды төлеу барысында заң талаптары бұзылған жағдайда, Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жүгіне аласыз.
Бұл жағдайда Департамент өз тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жұмыс берушіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87- бабының 1-тармағына сәйкес, жауапкершілікке тартатын болады.