Мереке немесе демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Мереке немесе демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 77-бабының 1-тармағына сәйкес, үстеме жұмыс осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзу:

    • лауазымды адамдарға–отыз,
    • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс,
    • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен,
    • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса

    Жауап

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық...

    Сұрақ

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 182-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес: жұмыс беруші жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы киімі мен аяқки...

    Сұрақ

    Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса

    Жауап

    Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімдерімен қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 65 және 66-баптарында көрсетілген. Егер, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі бұзылса,жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісін күшін жоюға алып келеді.

    Сұрақ

    Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 93-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптарды...

    Сұрақ

    Жалақыңыз уақытылы немесе толық төленбесе

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 113-бабының 1 тармағына сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді деп көрсетілген.Егер, Сіздің айлық жа...