Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Еңбек демалысыңыз кестеге сәйкес берілмесе

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 93-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Демалыстар кестесі өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда, жұмыс беруші бұл туралы жұмыскерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабардар етуге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса

    Жауап

    Жазатайым жағдайларды жасыру фактілері орын алған болса; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық...

    Сұрақ

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 182-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес: жұмыс беруші жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы киімі мен аяқки...

    Сұрақ

    Мереке немесе демалыс күндері заңсыз жұмысқа тартылсаңыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 77-бабының 1-тармағына сәйкес, үстеме жұмыс осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы...

    Сұрақ

    Негізсіз тәртіптік жаза қолданылса

    Жауап

    Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімдерімен қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 65 және 66-баптарында көрсетілген. Егер, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі бұзылса,жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісін күшін жоюға алып келеді.

    Сұрақ

    Жалақыңыз уақытылы немесе толық төленбесе

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 113-бабының 1 тармағына сәйкес, жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді деп көрсетілген.Егер, Сіздің айлық жа...