ҚР Жер заңнамаларына сәйкес, әр азамат жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін тегін жер учаскесін алуға құқылы. Шымкент қаласында осы мәселе қалай шешілуде?
2018 жылдан бері Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусын алды. Қазіргі таңда, аз қабатты тұрғын үйлер аумағы қаланың 80% құрайды. Қаланың Бас жоспарының дамуын ескере отыра, Шымкент қаласының әкімі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын баспана мәселесін шешуге мүмкіндік беретін көпқабатты, көппәтерлі тұрғын үйлер салуды жоспарлап отыр.