Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау қалай жүргізіледі? Конурс 5 кезеңнен тұрады.
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім беру ұйымының, тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жариялау;
2) конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттар қабылдау;
4) кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.