Ерікті өңіраралық қоныс аудару аясында нақтырақ қандай материалдық көмектер бар?

    Шымкент қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Ерікті өңіраралық қоныс аудару аясында нақтырақ қандай материалдық көмектер бар?

    Жауап

    Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі

    Мемлекеттік қолдау келесіні қамтиды:

    1. Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.
    2. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын он екі ай ішінде Бағдарламаға қатысушының карт-шотына ақша аудару арқылы мынадай мөлшерде беріледі:

    Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:

    - бір адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (86500 теңге).

    - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болса 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (108125 теңге);

    - бес және одан көп отбасы мүшелерінің саны кезінде 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (129750 теңге);

    Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

    - бір адамға 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде (64875теңге);

    - отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (77850 теңге);

    - отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (90825 теңге).

    Бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету: жұмысқа орналастыру, оқыту және микрокредит беру.

    Экономикалық ұтқырлық сертификаты қандастарға және қоныстанушыларға келу аймағындағы тұрақты тұратын елді мекеннен тұрғын үй сатып алу кезде жылжымайтын мүліктін құнын бағалай отырып, алдын ала сатып алу-сату шартын немесе сатып алу-сату шартын ұсынған кезде беріледі.Экономикалық ұтқырлық сертификаты отбасына тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1625 АЕК (7 028 125 теңге) аспайтын мөлшерде беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    "Ата жолы" картасы дегеніміз не?

    Жауап

    "Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен асп...

    Сұрақ

    Сыртқы жарнама мен маңдайша мәтіндерін қалай дұрыс жазу және орналастыру керек?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілд...

    Сұрақ

    Қайтарымсыз грант қалай беріледі?

    Жауап

    Қайтарымсыз грант алу үшін мансап орталығына қайырылып, өтінімді беруге болады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде болу керек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Мемлекет жаңа бизне...

    Сұрақ

    Қаңғыбас жануарларды аулау бойынша қайда хабарласу қажет

    Жауап

    Жануарлардың шоғырлану орындардың мониторингі және азаматтардың өтінімдері бойынша қала аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды «Ветеринариялық қызмет» МКК (аулау қызметі) жүзеге асырады.Қараусыз қалған және қаңғыбас жан...

    Сұрақ

    5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарлама финалистеріне беріледі. Құжат қабылдау ақпараттық жүйе арқылы электронды форматта өткізіледі.

    Сұрақ

    Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарды орнату үшін қандай шарттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 1412-2017 стандартына сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар бес шарттың кемінде біреуі орындалса орнатылады: қозғалыс қарқындылығы жоғары болса, жаяу жүргіншілер көп болса, екі шарт 80%-дан орындалса, жол-көлік оқиғалары көп болса немесе мекте...

    Сұрақ

    Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау қалай жүргізіледі? Конурс 5 кезеңнен тұрады.

    Жауап

    1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім беру ұйымының, тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жариялау; 2) конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурст...

    Сұрақ

    Жер учаскемнің қызыл сызық немесе құрылыс сызығына жататын жатпайтындығы қалай анықтаймын?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы елді мекендердің бас жоспарлары қаланың, кенттің, ауылдың не басқа қоныстың дамуын кешенді жоспарлауды айқындайтын және бекітілген аумақты ұйымдастырудың Бас схемасына және өңірлердің қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін нег...