Сыртқы жарнама мен маңдайша мәтіндерін қалай дұрыс жазу және орналастыру керек?

    Шымкент қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Сыртқы жарнама мен маңдайша мәтіндерін қалай дұрыс жазу және орналастыру керек?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    "Ата жолы" картасы дегеніміз не?

    Жауап

    "Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен асп...

    Сұрақ

    Ерікті өңіраралық қоныс аудару аясында нақтырақ қандай материалдық көмектер бар?

    Жауап

    Көшуге субсидиялар және осыған байланысты өтеу шығындары отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш яғни 2026 жылға 302750 теңге мөлшерінде бір рет беріледі.Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растай...

    Сұрақ

    Қайтарымсыз грант қалай беріледі?

    Жауап

    Қайтарымсыз грант алу үшін мансап орталығына қайырылып, өтінімді беруге болады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде болу керек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Мемлекет жаңа бизне...

    Сұрақ

    Қаңғыбас жануарларды аулау бойынша қайда хабарласу қажет

    Жауап

    Жануарлардың шоғырлану орындардың мониторингі және азаматтардың өтінімдері бойынша қала аумағындағы қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды «Ветеринариялық қызмет» МКК (аулау қызметі) жүзеге асырады.Қараусыз қалған және қаңғыбас жан...

    Сұрақ

    5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    5 млн тг дейінгі кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарлама финалистеріне беріледі. Құжат қабылдау ақпараттық жүйе арқылы электронды форматта өткізіледі.

    Сұрақ

    Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарды орнату үшін қандай шарттар қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 1412-2017 стандартына сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар бес шарттың кемінде біреуі орындалса орнатылады: қозғалыс қарқындылығы жоғары болса, жаяу жүргіншілер көп болса, екі шарт 80%-дан орындалса, жол-көлік оқиғалары көп болса немесе мекте...

    Сұрақ

    Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау қалай жүргізіледі? Конурс 5 кезеңнен тұрады.

    Жауап

    1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім беру ұйымының, тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жариялау; 2) конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурст...

    Сұрақ

    Жер учаскемнің қызыл сызық немесе құрылыс сызығына жататын жатпайтындығы қалай анықтаймын?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы елді мекендердің бас жоспарлары қаланың, кенттің, ауылдың не басқа қоныстың дамуын кешенді жоспарлауды айқындайтын және бекітілген аумақты ұйымдастырудың Бас схемасына және өңірлердің қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін нег...