Қайтарымсыз грант алу үшін мансап орталығына қайырылып, өтінімді беруге болады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде болу керек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Мемлекет жаңа бизнес бастау үшін арнайы гранттар береді. Бұл қаржылай көмек айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 400 есесіне дейін берілуі мүмкін. Грант тек конкурс негізінде тағайындалады.
Оны келесі азаматтар ала алады:
- Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар;
- Көпбалалы отбасылар (4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, бірге тұратын және арнайы жәрдемақы алатындар);
- Сондай-ақ, осы отбасылардың балалары күндізгі оқу түрінде оқыса (мектеп, колледж, ЖОО) – оқуын аяқтағанға дейін (бірақ 23 жасқа дейін);
- Немесе олардың жұбайлары (зайыбы);
- Асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатындар;
- Қоныс аударушылар;
- Қандастар;
- Еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және олардың жұбайы (зайыбы).
Маңызды:
- Грант алу үшін өтінім бермей тұрып, сіз:
- Жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек, немесе жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуіңіз қажет.
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда тіркелгеніңізге 3 жылдан аспауы керек.