Жаңа автобус маршрутын ашу үшін қандай мекемеге жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Жамбыл облысының әкімдігі·
    Сұрақ

    Жаңа автобус маршрутын ашу үшін қандай мекемеге жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Жаңа автобус маршрутын ашу – жолаушыларды тасымалдау бағыттарын ұйымдастыруға рұқсат алу рәсімі. Бұл қызмет түрі бағыттың деңгейіне (қалалық, ауданаралық, облысаралық немесе республикаішілік) байланысты әртүрлі мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.

    Маршруттың бағытына байланысты өтініш келесі мекемелерге беріледі:

    • Бақыт түрі ауданішілік маршруттарын ашу үшін аудан әкімдігіне;
    • бағыт түрі қалалық және қаламаңы маршруттарын ашу үшін қала әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне;
    • бағыт түрі ауданаралық және облысаралық маршруттарын ашу үшін облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына
    • бағыт түрі Республикаішілік (бірнеше облысты қамтитын) маршруттар ашу үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне жүгіну қажет:

    Мысалы: егер жаңа автобус бағыты Алматы облысының екі ауданы арасында болса онда өтініш облыс әкімдігіне беріледі. Ал егер бағыт Алматы мен Астана қалаларын байланыстырса онда өтініш Көлік министрлігіне жіберіледі.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    Жаңа автобус маршрутын ашу үшін келесі құжаттар қажет:

    • Өтініш -бағытты ашу туралы ресми өтініш;
    • маршрут схемасы мен қозғалыс кестесі – автобустың жүретін бағыты, аялдамалар мен уақыт кестесі көрсетілген құжат;
    • көлік құралдарының меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
    • көлік құралы туралы құжаттар:
    • техникалық паспорт;
    • техникалық байқаудан өткені туралы акт;
    • міндетті сақтандыру полисі (ОГПО);
    • жүргізушілер туралы құжаттар:
    • D немесе D1 санатындағы жүргізуші куәлігі;
    • медициналық тексеруден өткені туралы анықтама;
    • жүргізушімен жасалған еңбек шарты;
    • тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
    • көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты.

    Қызмет көрсету мерзімі мен құны:

    Қызмет көрсету мерзімі әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін (әдетте 15-30 жұмыс күні).

    Қызмет тегін көрсетіледі, бірақ қажетті құжаттарды рәсімдеу (мысалы, сақтандыру немесе техникалық байқау) үшін жеке шығындар болуы мүмкін.

    Келесіжағдайларда бас тартылуы мүмкін:

    • Құжаттар толық немесе дұрыс тапсырылмаған жағдайда;
    • маршруттың схемасы қолданыстағы бағыттармен сәйкес келсе немесе қайшылық болса;
    • көлік құралдары техникалық талаптарға сай болмаса;
    • тасымалдаушының сақтандыруы немесе лицензиясы болмаса.

    Қате кеткен жағдайда не істеу керек?

    Егер өтініш қате толтырылған болса немесе құжаттар толық болмаса, өтініш берушіге ескерту беріледі. Қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін құжаттарды қайта тапсыруға болады.

    Қосымша ақпарат пен кеңес алуүшін:

    Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекемелерге жүгінуге болады:

    Жергілікті әкімдік (қала немесе аудан деңгейінде);

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі – https://www.gov.kz/memleket/entities/mot

    Нормативтік актілермен «Әділет» құқықтық ақпарат жүйесінде танысуға болады – https://adilet.zan.kz.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтардың шаруа қожалықтарынан жер үлестерін бөлу және өтемақы алу мәселелері

    Жауап

    Егер азамат өзіне тиесілі жер үлесін немесе жерге қатысты құқығын шаруашылық серіктестікке, өндірістік кооперативке немесе шаруа қожалығына берген болса, кейін ол сол ұйымнан шыққысы келсе, онда оның мынадай құқықтары бар: Ол өз үлесін (оның ішінде жер учаскесін де) ұйымнан жеке...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынын пәтер алу мәселесі

    Жауап

    Қазақстандағы тұрғын үйге байланысты мәселелер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң арқылы реттеледі. Бұл заң азаматтардың мемлекеттен үй алу тәртібін, кезекке тұру шарттарын және тұрғын үйді бөлу ережелерін анықтайды. «orken.otbasybank.kz» сайтына кіру арқылы санатқа жататындығын...

    Сұрақ

    Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін кезек тәртібімен беру және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 44-бабының 6-тармақшасына сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға берілген өтініштер арнайы кезекке қойылады. Жер учаскелері тек дайын бос аумақтар болған жағдайда және инфрақұрылымы (су, электр жарығы) бар жерлерде ғана беріл...

    Сұрақ

    Орталықтандырылған жылу жүйесі өшкен жағдайда жедел әрекет ету және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру мәселесі

    Жауап

    Жылу жүйесі (орталықтандырылған жылу немесе ыстық су) өшіп қалған жағдайда, ең бастысы – жылуды сақтап, үйдің қатты суып кетуіне жол бермеу. Алғашқы шұғыл әрекеттер: Ең алдымен, үйге жауапты қызметтерге хабарласыңыз: Пәтер иелері кооперативіне (ПИК/КСП), мүлік иелері бірлестігіне...

    Сұрақ

    Учаскелік дәрігерді (емхананы) ауыстыруға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) көрсететін медициналық ұйымды (емхананы) және учаскелік дәрігерді өз еркімен таңдай алады. Бұл таңдау тіркелу (прикрепление) қағидаты арқылы жүзеге асырылады. Барлық Қазақстан Республикасының азама...

    Сұрақ

    Вакцинациядан бас тартуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар профилактикалық егулерден бас тартуға құқылы. Бұл құқық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген және азаматтың ерікті келісім қағидатына негізделеді. Вакцинация тек азаматтың немесе кәмелетк...

    Сұрақ

    Баланың стационарлық ем алу кезінде ата-анасы немесе заңды өкілімен бірге жатуға рұқсат беріле ме?

    Жауап

    Баланың стационарлық емдеу кезінде ата-анасының немесе заңды өкілінің бірге болуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен медициналық практикасына сәйкес реттеледі. Бұл құқығыңыз баланың жасына, денсаулық жағдайына және медициналық көрсеткіштерге байланысты анықталад...

    Сұрақ

    Үйге дәрігер шақыру тәртібі қандай?

    Жауап

    Үйге дәрігер шақырту – науқастың немесе оның туыстарының жағдайына байланысты дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігі. Бұл қызмет әсіресе ауырған, жүруі қиын немесе инфекциялық аурулары бар адамдар үшін қолжетімді. Үйге дәрігер шақыруға тек келесі жағдайларда құқылы боласыз: Жоғары дене...