Қызылорда облысының жастарына тұрғын үй сатып алу немесе алу мүмкіндігін кеңейтуге қатысты қандай мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған?

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

    Сұрақ

    Қызылорда облысының жастарына тұрғын үй сатып алу немесе алу мүмкіндігін кеңейтуге қатысты қандай мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған?

    Жауап

    Аймақ басшысы Н.М. Нәлібаев 2022 жылдың желтоқсанында өткен Жастар ісі жөніндегі кеңесте қызылордалық жастар үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беруге бағытталған «Сыр жастары» бағдарламасының жүзеге асырылатыны туралы айтты. Бағдарламаның ережелері Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 24 сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №173 шешіміне сәйкес бекітіліп, жүзеге асуды. 2024 жылы бағдарлама арқылы 100 жасқа пәтер кілті табысталды.

    Бағдарламаға ҚР азаматы болып табылатын, 35 жастан аспаған, тұрақты жұмыс істейтін, Қызылорда облысында тұрақты тіркеуі бар азаматтар «kezekte.kz» онлайн платформасының «Жастар» ақпараттық сервисі арқылы онлайн құжат тапсыру арқылы қатыса алады.

    Ағымдағы жылдың 10-24 қыркүйек аралығында 10 санат бойынша (бюджеттік сала, мәдениет және спорт, ЖОО және ҒЗИ, журналистер, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың жергілікті филиалдары, екінші деңгейлі банктер, жас кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы саласы, төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері) құжат қабылдау жүргізілді.

    «Сыр жастары» - өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында жүзеге асып келе жатқан өңірлік тың жоба болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жергілікті жерлерде бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау тәртібі қалай реттеледі?

    Жауап

    Бұл бағыттағы негізгі құқықтық негізді «Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I Заң және «Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V Заң құрайды. Жарияланатын материалдар қолданы...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңес деген не және оған қалай мүше болуға болады?

    Жауап

    Қоғамдық кеңес — мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган. Оның қызметі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде реттеледі. Негізгі міндеттері:мемлекеттік органдардың шеші...

    Сұрақ

    Бейбіт жиналыстар өткізуге қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Азаматтардың бейбіт жиналыстары жергілікті атқарушы органға берілетін хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш негізінде өткізіледі. Қарау тәртібі Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген бейбі...

    Сұрақ

    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ережесі қандай, кімдер қатыса алады?

    Жауап

    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу шарттары мен ережесі Конкурсқа қатысуға шақырылатын отбасылар: Ұлттық конкурсқа үміткер отбасының мүшелері еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік немесе ғылыми жетістіктерге ие болуы тиіс. Сондай-ақ, қоғамдық пайдалы қызметпен (волонтерлі...

    Сұрақ

    Журналистерді аккредиттеу дегеніміз не, ол қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Журналистерді аккредиттеу - бұл журналистің немесе бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілінің ресми түрде танылуы және белгілі бір мемлекеттік органның немесе ұйымның іс-шараларына қатысуға құқық алу рәсімі. Аккредиттеу арқылы журналист іс-шараларға ресми қатысып, ақпарат жина...

    Сұрақ

    Өңірде волонтерлік бағытта қандай маңызды жобалар жүзеге асырылуда?

    Жауап

    Бүгінгі таңда, облыста 1 мыңнан астам волонтер, 30-ға жуық волонтерлік топ, сондай-ақ «Ассамблея жастары» қозғалысының белсенді еріктілері қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысуда. Бұл іске «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Сыр волонтерлері», «Ашық ж...

    Сұрақ

    «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына қалай жұмысқа орналасуға болады?

    Жауап

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес, 2026 жылы «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасы жүзеге асырылады. Әлеуметтік жобаға маусым-тамыз айларында Қызылорда қаласы және барлық ауданд...

    Сұрақ

    Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысу ережелері мен қатысушыларға қойылатын талаптарды қайдан білуге болады?

    Жауап

    Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс конкурсы туралы хабарлама басқарманың ресми сайтында жарияланып, қажетті құжаттар тізімі көрсетіледі. Сонымен қатар, Байқауға қатысушыларға қойылатын барлық талаптармен «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық...