Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қандай заңға сүйеніп жойылады?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы, сондай-ақ олардың бейнелері көлемдеріне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба, сондай-ақ олардың бейнелері ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрықпен бекітілген «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларында» мазмұндалған тәртіпте ауыстырылуы және жойылуы керек.