«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы бойынша барлық маңдайшалар, хабарландырулар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері және өзге де көрнекі ақпараттар міндетті түрде мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыстілінде және басқа тілдерде жазылуы тиіс. Мемлекеттік тілдегі мәтін толық, сауатты және бірінші кезекте орналастырылуы қажет. Көрнекі ақпарат талаптарын бұзған кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабы бойынша:
Алғашқы рет талапты бұзған жағдайда — ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайталап бұзылса:
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5 АЕК,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.