Атаулы әлеуметтік көмек 2 түрде тағайындалады. Шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде.
Шартсыз ақшалай көмек - еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға тағайындалады және олар үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек – отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға тағайындалады және ол адам жұмыссыз болса, жұмыссыздық есебіне тіркейді, келісімшарт жасалады, сондай-ақ, ол адамға жұмыспен қамту шаралары ұсынылатын болады. Егерде ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда, бүкіл отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу құқынан 6 айға шектеледі. Сондықтан балаңыз 3-ке толғаннан кейін еңбекке қабілетті болсаңыз, ұсынылған жұмысқа баруыңыз қажет болады.