Жұмыссыз азаматтар Электрондық еңбек биржасында орнатылған онлайн.skills арқылы тегін оқу курстарына қатысып, сертификаттарға ие бола алады. Skills арқылы тегін оқу курстарында көптеген оқу түрлері кездеседі, оқу ұзақтығы жұмыссыз азаматтың өзіне байланысты.
Соның ішінде, өз ісін ашу бағытында «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқып, өз ісін ашуға болады.
Бастау бизнес жобасы онлайн оқытылып, тест тапсыру арқылы сертификатталады.
Және де жұмыс берушілердің сұранысы бойынша тиісті мамандықтарға оқу мүмкіндіктері бар.
2019-жылдан бастап Теңізшевройл ЖШС-нің қаржыландыруымен жұмыссыз азаматтар қайта даярлануда. Оқу тегін 3-ай көлемінде, тегін тамақ және жатаханамен қамтылады.