Жұмыссыз азамат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» заңының 2-тарау, 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына тікелей не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеле алады.
Ескерту: Тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына барып тіркелуге немесе enbek.kz порталы арқылы үйден шықпай онлайн тіркелуге болады.