Қайтыс болған адамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін «электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы қайтыс болу туралы хабарлама алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлерінің шеңберінде кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адамның қамқорлығында болған адамдарға сондай-ақ қайтыс болған адам тұратын немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік береді.
Қайтыс болу туралы куәлікті кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік дело бар нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.
Өлімді мемлекеттік тіркеу және куәлік беру, оның ішінде қайталама куәліктер беру тегін жүзеге асырылады.