ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті
Комитет туралы
Комитет заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, азаматтық хал актілерін және апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Заң нотариат институтын одан әрі жетілдіруге, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ нотариат қызметі саласындағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Заңның негізгі жаңалықтарының бірі – атқарушылық жазбаны жасау кезінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және микрокредиттік ұйымдардың өтініштерін нотариустар арасында кездейсоқ таңдау («барабан») қағидаты бойынша автоматты түрде бөлу тетігінің енгізілуі. Бұл теріс пайдалану мен сөз байласу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл борышкердің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Заңмен нотариустарға қойылатын талаптар күшейтілді. Дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын жағдайлардың қатарына енгізілді. Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында басшылары, құрылтайшылары немесе акционерлері нотариустың жақын туыстары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық әрекеттер жасауға қосымша тыйым белгіленді. Реформаның маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік бақылауды жетілдіру болды. Нотариустарға қатысты бақылау іс-шаралары тікелей «Нотариат туралы» Заңмен реттелетін болады. Бұл нотариат қызметінің ерекшеліктерін ескеруге және бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алғаш рет республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың төрағаларына, сондай-ақ тәртіптік комиссиялардың төрағалары мен мүшелеріне төрт жылдық бірыңғай өкілеттік мерзімі заңнамалық деңгейде белгіленді. Олар аталған лауазымдарды қатарынан бір мерзімнен артық атқара алмайды. Тағы бір маңызды өзгеріс – конституциялық іс жүргізу заң көмегінің дербес бағыттарының қатарына енгізілді. Бұл азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қабылданған заңнамалық өзгерістер нотариаттың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың нотариаттық қызметтерге деген сенімін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған.
2026 жылғы 1 шілдеде Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (АХҚО) өкілдерімен Әділет министрлігінде жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту саласындағы алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, АХҚО қатысушыларына қатысты «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының функционалын жетілдіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды, сондай-ақ АХҚО-ның қаржылық емес компанияларына мониторинг жүргізу, АХҚО қатысушыларының адалдық критерийлері және компаниялардың АХҚО юрисдикциясынан ұлттық юрисдикцияға ауысуы мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында алдағы уақыттағы өзара іс-қимылға дайындық расталды.
Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және азаматтардың ұтқырлығының артуы жағдайында ресми құжаттарды мемлекеттің шегінен тыс жерде тану мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Құжаттарды тану рәсімін жеңілдетудің ең тиімді тетіктерінің бірі – апостиль қою. Қазақстан Республикасы 1961 жылғы 5 қазанда Гаагада қол қойылған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын алып тастайтын конвенцияның (бұдан әрі – Гаага конвенциясы) қатысушысы болып табылады. Конвенцияның ережелеріне сәйкес Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында пайдалануға арналған ресми құжаттар апостиль қою арқылы куәландырылады. Апостиль ұғымы Апостиль – бұл белгіленген үлгідегі арнайы мөртаңба, ол лауазымды тұлғаның қолының түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған тұлғаның қандай мәртебеде әрекет еткенін, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайды. Апостиль қою құжаттың мазмұнын растамайды және оның аудармасын алмастырмайды, тек ресми құжаттың шығу тегін, оған қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын және оның әрекет ету өкілеттігін куәландырады. Әділет органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан, нотариустардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес аумақтық әділет органдарымен көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші апостиль қойылуға жататын құжатты, сондай-ақ заңнамада көзделген құжаттарды ұсынады (өтініш, төлем, құжат) . Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган: ресми құжатқа апостиль қояды; не заңнамада белгіленген жағдайларда дәлелді бас тарту береді. Апостиль қоюға ең жиі ұсынылатын құжаттар: туу туралы куәліктер, неке қию туралы куәліктер, некені бұзу туралы куәліктер, қайтыс болу туралы куәліктер; нотариаттық куәландырылған сенімхаттар, нотариаттық куәландырылған құжат көшірмелері; әділет органдары, мемлекеттік органдары мен нотариустардан шығатын өзге де құжаттар. Цифрландыру элементі ретінде электрондық апостиль 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасында электрондық апостильді (e-Apostille) беру мүмкіндігі іске асырылды, бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы маңызды кезең болды. Электрондық апостиль – уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат. Оның түпнұсқалығы www.egov.kz электрондық үкімет веб порталында орналастырылған апостильдердің электрондық тізілімі арқылы тексеріледі. Электрондық апостильді енгізу: қызметті алу мерзімдерін қысқартуға; жекелеген жағдайларда мемлекеттік органдарға жеке бару қажеттілігін болдырмауға; шетелдік құзыретті органдардың апостильдің түпнұсқалығын жедел тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге; құжат айналымының ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді. Электрондық апостильді шетелде пайдаланудың ерекшеліктері Сонымен қатар Қазақстан Республикасының электрондық апостилі Гаага конвенциясының талаптарына және Конвенцияға қатысушы мемлекеттер қолданатын халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Электрондық апостильдің түпнұсқалығын электрондық тізілім арқылы тексеруге болады, бұл құжатқа деген жоғары сенімді қамтамасыз етеді. Қызмет көрсетуден бас тарту негіздері Апостиль қоюдан бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде егер: құжат әділет органдарының құзыретіне жатпаса; құжатта оның түпнұсқалығын анықтауға кедергі келтіретін түзетулер, бүлінулер немесе өзге де ақаулар болса; лауазымды тұлғаның қолы немесе мөрі уәкілетті органдағы үлгілерде болмаса; толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынылса және басқалар. Қорытынды Ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Электрондық апостильді енгізу цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы және азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қызметтің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Халықаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және электрондық апостильдерді тану тәжірибесін одан әрі кеңейту Қазақстан Республикасы құжаттарына халықаралық деңгейде деген сенімді нығайтуға және шетелде оқитын, жұмыс істейтін немесе тұратын азаматтар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Атап айту қажет , апостиль әрдайым ресми құжатты берген мемлекеттің құзыретті органы арқылы қойылады. Осыған байланысты шет мемлекеттер берген құжаттарға тиісті мемлекеттің құзыреті органдары апостиль қоюға тиіс және мұндай құжаттарға Қазақстан Республикасында апостиль қойылмайды (мысалы, егер туу туралы куәлік Қытау Халық Республикасында берілген болса, онда аталған құжатқа апостильді осы мемлекет қою қажет, сот арқылы құжаттың ресми түрде берілгенін және оның заңдылығын растайды) .
Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл саладағы мемлекеттік қызметтерге деген жоғары сұраныс олардың маңыздылығын көрсетеді: тіркеудің жылдамдығы мен қолайлылығы елдегі іскерлік белсенділікке тікелей әсер етеді. Осыған байланысты мемлекет рәсімдерді кезең-кезеңімен жеңілдетіп, оларды барынша қолжетімді етуде. Қазіргі уақытта заңды тұлғаларды тіркеу бойынша қызметтердің басым бөлігі толықтай онлайн форматқа көшірілген. Олар электрондық үкімет порталы және басқа да цифрлық сервистер арқылы қолжетімді, бұл уақытты едәуір үнемдеуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, кәсіпкерлер компания басшысын қашықтан ауыстыра алады немесе тіркеу деректеріне — мекенжайына, қызмет түрлеріне не жарғылық капитал мөлшеріне өзгерістер енгізе алады. Бұл ретте артық келісулерді қажет етпейтін хабарлама тәртібі қолданылады. Пайдаланушыларға қолайлылық жасау мақсатында заңды тұлғаның атауын түзету қызметі де енгізілген — бұл рәсім небәрі бір жұмыс күнін алады. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдарды (саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда) тіркеу енді толықтай электрондық форматта, қағаз құжаттарды тапсырмай жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлік саласындағы қызметтерді цифрландыру да дамуда. Азаматтар мен бизнес үшін қызметтердің толық спектрі қолжетімді: құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу, құжаттардың телнұсқаларын алу, мемлекеттік базалардан деректерге қол жеткізу, сондай-ақ объект сипаттамаларын түзету. Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі — мәмілелер бойынша меншік құқығын тіркеу. Бұл үдерісті жеделдету үшін нотариалды куәландырылған құжаттар болған жағдайда небәрі екі сағат ішінде жедел тіркеу қарастырылған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтердегі қателерді түзету үшін өтініштерді онлайн түрде беру мүмкіндігі пайда болды, бұл мемлекетпен өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетеді. Заңнаманы жаңартуға да ерекше назар аударылуда. Цифрлық форматқа көшу аясында терминология қазіргі заман талаптарына сәйкестендірілді: «электрондық» ұғымы біртіндеп «цифрлық» ұғымымен алмастырылуда — құжаттардан бастап мемлекеттік жүйелерге дейін. Ашықтықты арттыру мақсатында жалған тіркеулердің алдын алатын тетіктер енгізілді. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілері иелерімен келісу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге өтініш беру кезінде объектінің мекенжайы мен мақсатының дұрыстығын автоматты түрде тексеру қарастырылған. Осылайша, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік саясат кешенді әрі жүйелі сипатқа ие және тек рәсімдерді жеңілдету мен цифрлық сервистерді дамытуға ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар азаматтар мен бизнес үшін қолайлылықты ғана емес, бүкіл тіркеу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ІІІ тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 130-дан астам іс-шаралар ұйымдастырды. Акция облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен, адвокаттар, нотариустар және заң консультанттарымен бірлесіп өткізілді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 110-нан астам іс-шаралар ұйымдастырды. Акцияға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінің өкілдерінен басқа адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары да қатысты.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
бұйрық
Жарияланды:
Ақпарат
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
Заң нотариат институтын одан әрі жетілдіруге, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ нотариат қызметі саласындағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.Заңның негізгі жаңалықтарының бірі – атқарушылық жазбаны жасау кезінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және микрокредиттік ұйымдардың өтініштерін нотариустар арасында кездейсоқ таңдау («барабан») қағидаты бойынша автоматты түрде бөлу тетігінің енгізілуі. Бұл теріс пайдалану мен сөз байласу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл борышкердің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етеді.Заңмен нотариустарға қойылатын талаптар күшейтілді. Дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын жағдайлардың қатарына енгізілді.Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында басшылары, құрылтайшылары немесе акционерлері нотариустың жақын туыстары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық әрекеттер жасауға қосымша тыйым белгіленді.Реформаның маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік бақылауды жетілдіру болды. Нотариустарға қатысты бақылау іс-шаралары тікелей «Нотариат туралы» Заңмен реттелетін болады. Бұл нотариат қызметінің ерекшеліктерін ескеруге және бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар алғаш рет республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың төрағаларына, сондай-ақ тәртіптік комиссиялардың төрағалары мен мүшелеріне төрт жылдық бірыңғай өкілеттік мерзімі заңнамалық деңгейде белгіленді. Олар аталған лауазымдарды қатарынан бір мерзімнен артық атқара алмайды.Тағы бір маңызды өзгеріс – конституциялық іс жүргізу заң көмегінің дербес бағыттарының қатарына енгізілді. Бұл азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді.Қабылданған заңнамалық өзгерістер нотариаттың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың нотариаттық қызметтерге деген сенімін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Жарияланды:
Бұйрық
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
бұйрық
Жарияланды:
Кесте
Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Жарияланды:
Ақпарат
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті қызметшілерінің телефон анықтамалары