Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында құқықтық көмек алу рәсімі

    ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті

    Сұрақ

    Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында құқықтық көмек алу рәсімі

    Жауап

    Өз өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының әділет органдары азаматтық және отбасылық істерге қатысты құжаттарды талап ету және жолдау қызметтерін қоса алғанда, құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

    Шетел мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу халықаралық шарттар, оның ішінде 1993 жылғы 22 қаңтардағы (Минск қаласы) және 2002 жылғы 7 қазандағы (Кишинев қаласы) «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» конвенциялар, сондай-ақ басқа да қолданыстағы келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

    Құқықтық көмек сұраушы тараптың тапсырмасы (өтініші) бойынша көрсетіледі. Шетел мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан азаматтар туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды талап ету Қазақстан Республикасының АХАТ органдары арқылы жүзеге асырылады. Маман тиісті сұранысты дайындауға көмек көрсетеді.

    Сұранысты ресімдеу үшін өтініш берушіге:

    • өтініш пен сауалнаманы толтыру (екі данада);
    • акт жазбасын іздеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін құжаттардың көшірмелерін ұсыну (туу туралы куәлік, анықтамалар, сенімхат және т.б.). қажет.

    Шетел мемлекеттерінен құжаттар сұрату ақылы қызмет болып табылады. Төлемнің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №175/НҚ бұйрығымен бекітілген.

    Аталған бұйрыққа сәйкес ТМД елдерінен құжаттарды талап ету қызметінің мөлшері бір құжат үшін 1 932 теңгені, ал басқа шетел мемлекеттерінен (ТМД елдерін қоспағанда) – бір құжат үшін 3 864 теңгені құрайды.

    АХАТ органдары жолдайтын тапсырмалар пошта байланысы арқылы жіберіледі. Жауап алу мерзімі әдетте 1 айдан 3 айға дейін, алайда талап етілетін елге және акт жазбасының болуына қарай бұл мерзім созылуы мүмкін.

    Құжаттар түскеннен кейін АХАТ органдары өтініш берушіні талап етілген құжаттың дайын екендігі туралы хабардар етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 18-баптың 2-тармағына сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделмейді. Т...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаның атқарушы органды өзгерту тәртібі, заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

    Жауап

    «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына 14-2 бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу басшы өзгеруіне деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі...

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін тегін алу

    Жауап

    Заңда оған құқығы бар адамдар үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі көзделген. Оны алу үшін аумақтық әділет органдарына, адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына жүгіну қажет. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Мемлекет кепі...

    Сұрақ

    Мұраны қабылдау және рәсімдеу процедурасы

    Жауап

    Мұрагерлік іс ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс. Азаматтық кодексінің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (о...

    Сұрақ

    Нотариустың атқару парағын қалай жоюға болады?

    Жауап

    «Нотариат туралы» Заңның 92-6-бабына сәйкес борышкер өтінішті алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылық білдіруі тиіс. Мұны істеуге болады: o Нотариусқа жеке тапсыру; o Тіркелген пошта арқылы жіберу; o Нотариустың электрондық поштасына жіберіңіз. Қарсылық уақтылы беріл...

    Сұрақ

    Мұраны қабылдаудың соңғы мерзімі қандай?

    Жауап

    Мұра азамат қайтыс болды деп болжанған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (АК-тің 1042-бабының 2-тармағы) мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда – азамат қайтыс болды деп жарияланған соттың...

    Сұрақ

    Жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық қалай тіркеледі?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 3-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады. Заңның 68-бабы аяқталған құрылыс нысаны пайдалануға қабыл...

    Сұрақ

    Шетелдік азаматтардың жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін виза алуы қажет пе?

    Жауап

    «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес шетелдік тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар көшіп келушілерді қоспағанда, бизнес-көшіп келушілер ретінде келуге виза немесе уақытша тұруға рұқсат алмаған шетелдіктерге заңды тұлға құруға, сондай-ақ заңды тұлғалар қ...