Жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық қалай тіркеледі?
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 3-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Заңның 68-бабы аяқталған құрылыс нысаны пайдалануға қабылдануға жатады деп белгіленген.
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттар, құрылыстар және (немесе) олардың құрамдас бөліктері туралы сәйкестендіру және техникалық ақпаратты құқықтық кадастрға енгізу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.