Мұрагерлік іс ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс.
Азаматтық кодексінің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.
Егер мұрагерлікті қабылдау мерзімі өткізіліп алынса, сотқа жүгініп, мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
«Нотариат туралы» Заңының
69-бабына сәйкес мұрагерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жердегi нотариус мұраға құқық туралы куәлiк бередi.
Мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мерзiмде жүргiзiледi.