Тұрғын үйді газдандыру кезінде біржолғы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады және қандай құжаттар қажет?

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйді газдандыру кезінде біржолғы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Тұрғын үйді газдандыру кезінде біржолғы әлеуметтік көмек
    Газдандыруға жататын жеке тұрғын үйлерде және көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын, тұрғын үйдің меншік иесі немесе оның отбасы мүшесі болып табылатын, басқа жылжымайтын мүлкі жоқ, жан басына шаққандағы табысы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (жеке тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін табыс ескерілмейді) біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

    Әлеуметтік көмек алуға құқылы санаттар:

    - Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар;

    - Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды қамқорлығына алған адамдар;

    - Мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедек жандар;

    - Көпбалалы отбасылар және көпбалалы аналар;

    - Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыстарға қатысқан ардагерлер.

    Қажетті құжаттар тізімі:

    - Жеке басын куәландыратын құжат;

    - Газ жабдығын тарту және орнатуға байланысты шығындарды растайтын құжаттар (түбіртектер, чектер, қызмет көрсетуге арналған шарттардың көшірмелері және т.б.);

    - Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

    - Арнайы мәртебені растайтын құжат көшірмесі (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік анықтамасы, балалардың туу туралы куәліктері және т.б.);

    - Жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтарының бар/жоқ екені туралы анықтама;

    - 2-деңгейлі банк немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.

    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі мекенжайға хабарласуға болады:

    Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Мекенжайы: Қарағанды қ., Чкалов көшесі, 7 үй, 1-қабат, 306-кабинет

    Жұмыс уақыты:

    дүйсенбі – жұма: сағат 09:00–18:00, түскі үзіліс: 13:00–14:30, сенбі, жексенбі – демалыс күндері

    Байланыс телефондары:

    - Қабылдау бөлмесі: 95-55-80

    - Кеңес беру үшін: 95-55-82

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағанды қаласында көпбалалы аналарға қандай төлемдер қарастырылған?

    Жауап

    Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын алқа", "Күміс алқа" наградалары бар көп балалы аналарға, сондай-ақ, 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға қалалық бюджеттен біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.Сұрақтар туындаған жағдайда, "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеу...

    ·
    Сұрақ

    Қарағанды қаласында аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік көмектің қандай түрлері қарастырылған?

    Жауап

    Табысы бір адамға 35 530 теңгеден төмен аз қамтылған отбасылар үшін 2025 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Өтінімді Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі 709 (ДС-ЖМ сағат 9:00-18:00, түскі үзіліс: сағат 13:00-14:30) мекенжайы бойынша немесе "Электрондық үкімет" ww...

    ·
    Сұрақ

    Инватакси бойынша әлеуметтік қызметтер кімге ұсынылады?

    Жауап

    Инватакси келесі санаттарға беріледі: - Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға;-Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар балаларға;- Мүгедектігі бар адамдарға, көру қабілеті бойынша және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық айғақтары бар басқ...

    ·
    Сұрақ

    Қарқаралы қаласының оңалту орталығына жолдама алуға кім құқылы?

    Жауап

    Қарқаралы қаласының оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер 1 және 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ өз бетінше күтім жасай алмайтын қарттарға көрсетіледі. Сондай-ақ орталыққа 75 жастан асқан зейнеткерлер жіберіледі. Сұрақтар туындаған жағдайда, "Қарағанды қаласының жұмыс...

    ·