Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасын (ЖАОБ) қалай рәсімдеуге болады?
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына (бұдан әрі – ЖАОБ) сәйкес жүзеге асырылады.
ЖАОБ гигиеналық, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ санаторийлік-курорттық емдеу және оңалту қызметтерін қамтитын медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту шараларын айқындайды.
ЖАОБ әзірлеу үшін учаскелік дәрігерге барып, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысын алу қажет. Учаскелік дәрігердің ұсынымын алғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгіну қажет. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ЖАОБ әзірленеді.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша орналасқан бөлімге жүгінуге болады: Чкалов көшесі, 7. Байланыс телефондары: 955583, 955587.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.