Табысы бір адамға 35 530 теңгеден төмен аз қамтылған отбасылар үшін 2025 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Өтінімді Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі 709 (ДС-ЖМ сағат 9:00-18:00, түскі үзіліс: сағат 13:00-14:30) мекенжайы бойынша немесе "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы Мансап орталығына беруге болады.
Сондай-ақ, коммуналдық және байланыс шығындары отбасылық табыстың 4%-нан асатын отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Өтінімді тұрғын үй иесі "Азаматтарға арналған үкімет" МК немесе "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы береді.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мына мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі 7, жедел зал (1 қаб.), 304 каб. немесе келесі телефон нөмірлері бойынша: 95-55-83, 95-55-85 (ДС-ЖМ, сағат 9:00-18:00, түскі үзіліс: 13:00-14:30, СБ, ЖС-демалыс).