Еңбек мигранты жұмысқа рұқсатты ұзартуға қалай өтініш бере алады?
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген «Еңбекші-мигранттарға рұқсат беру, оның қолданылу мерзімін ұзарту және оны кері қайтарып алу қағидаларына» сәйкес, рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еңбекші-мигрант жеке жұмыс берушімен бірлесіп, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың негізгі талаптарының тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады.
Рұқсат беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш мынадай тәртіппен беріледі:
- "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ;
- "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
- migration.enbek.kz порталы арқылы.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жұмыс беруші мен шетелдік азамат қол қойған, еңбек мигрантының рұқсатын ұзарту туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем жасалғанын растайтын түбіртектер;
3) соңғы 12 ай ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенін растайтын мөрі (мөрлері) бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) міндетті медициналық сақтандыру;
5) Қазақстан Республикасындағы жұмыс берушімен жасалған, жұмыс беруші мен қызмет алушы арасындағы еңбек шарты.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берілген күнді қоспағанда, екі жұмыс күнін құрайды.