Мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емдеу қандай тәртіппен ұсынылады және жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторийді таңдау қалай жүзеге асырылады?
Мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Санаторийді таңдау 1414 байланыс орталығынан SMS-хабарлама алған күннен бастап екі ай ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асырылады.