Инватакси келесі санаттарға беріледі:
- Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға;
-Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар балаларға;
- Мүгедектігі бар адамдарға, көру қабілеті бойынша және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық айғақтары бар басқа да мүгедектігі бар адамдарға (кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдардан басқа);
- "Даун", "Аутизм спектрінің бұзылуы" диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар мен балалар үшін, психикалық жай-күйінің құрылымында мінез-құлқында тұрақты елеулі бұзушылықтар бар "Ақыл-ой кемістігі" диагнозы және жүріп-тұруы қиын балалар үшін (кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар балалардан басқа).
Сонымен қатар, мүгедектігі бар барлық адамдар қалалық көлікте тегін жүре алады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мына мекен-жайға хабарласуға болады:
Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі 7, жедел зал (1 қаб.), 304 каб. немесе тел.нөмірлері: 95-55-83, 95-55-85 (ДС-ЖМ, сағат 9:00-18:00, түскі үзіліс: 13:00-14:30, СБ, ЖС-демалыс).