Менде цифрлық технологиялар саласындағы жобам бар. Мен оны Сізге қарау үшін қалай ұсына аламын?
Сіз өзіңіздің жобаңызды қарау үшін басқарма басшысының атына ілеспе хатпен жібере аласыз. Ол үшін Сіз оны Басқарма кеңсесіне жеке тапсыра аласыз; 0030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша «Қазпошта» АҚ арқылы поштамен жібере аласыз; [email protected] электрондық поштасына немесе «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жібере аласыз. Сондай-ақ, Сіз әр бейсенбіде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін басқарма басшысымен өтетін азаматтардың жеке қабылдауына қатыса аласыз. Ақтөбе облысы цифрлық технологиялар басқармасының байланыс телефоны: +7 (7132) 411951.