Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Бұл шешім телекоммуникация саласында бәсекелестікті дамыту мақсатында қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, байланыс қызметтерінің тарифтері байланыс операторларымен өз шығындарына негізделе отырып, өз бетінше белгіленеді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе.
Осы заңның 29-бабының 1-тармағына сәйкес, байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды өз бетінше жоспарлап, жүзеге асырады.
Маңызды:
Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес, қызмет көрсету туралы шарт тек техникалық мүмкіндік болған жағдайда ғана жасалады.