Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай қорғауға болады?

    Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Сұрақ

    Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай қорғауға болады?

    Жауап

    ЭЦҚ - бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау - сіздің жауапкершілігіңіз.

    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз:

    1. ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз.

    Электрондық пошта бұзылып, сіздің ЭЦҚ ұрлануы мүмкін.

    1. ЭЦҚ-ны бөгде немесе бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз.

    Мұндай құрылғыларда зиянды бағдарламалар болуы ықтимал.

    1. ЭЦҚ-ны жеке компьютерде сақтамаңыз.

    Қолтаңбаны сыртқы тасымалдағышта (мысалы, USB-флешкада) сақтау қауіпсізірек.

    1. Күрделі құпиясөз орнатыңыз және оны ешкімге бермеңіз.

    Құпиясөзіңізді үшінші тұлғаларға жариялау ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалануға жол ашады.

    ЭЦҚ-ны қорғау - жеке деректеріңіздің және электрондық қызметтердегі қауіпсіздігіңіздің кепілі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өңірде қандай ұялы байланыс жұмыс істейді?

    Жауап

    Ақтөбе облысында мобильді байланыс қызметтері мен Интернетке қолжетімділікті үш ұялы байланыс операторы қамтамасыз етеді: "Kcell" АҚ (Kcell және Activ брендтерімен ұсынылған), "КаР-Тел" ЖШС (Beeline брендімен белгілі) және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2 және Алтелді білдіреті...

    Сұрақ

    Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған кезде Басқарма қандай іс-қимыл жасайды?

    Жауап

    Басқарма дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды. Бұл операторлар мен үшінші тұлғалардан жалған немесе заңсыз алынған дербес деректерді нақтылау, бұғаттау немесе жою талабын қамтуы мүмкін.

    Сұрақ

    Цифрлық технологиялар басқармасы ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қалай қатысады?

    Жауап

    Басқарма ақпараттандыру саласына инвестициялар тарту жүйесін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ инвестициялық жобаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандырады. Бұл инвесторлар мен IT нарығына қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтиды.

    Сұрақ

    Цифрлық технологиялар басқармасы өңірдегі цифрлық сауаттылықты арттыруға қалай ықпал етеді?

    Жауап

    Басқарма Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарында цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді. Бұған қызметкерлерді оқыту, ақпараттық технологияларды қолдану және цифрлық дағдыларды жетілдіру бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу кіруі мүмкін.

    Сұрақ

    Менде цифрлық технологиялар саласындағы жобам бар. Мен оны Сізге қарау үшін қалай ұсына аламын?

    Жауап

    Сіз өзіңіздің жобаңызды қарау үшін басқарма басшысының атына ілеспе хатпен жібере аласыз. Ол үшін Сіз оны Басқарма кеңсесіне жеке тапсыра аласыз; 0030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша «Қазпошта» АҚ арқылы поштамен жібере аласыз; inform...

    Сұрақ

    Әкімдіктің Ахуалдық орталығы дегеніміз не және 109 қызметі қалай жұмыс істейді?

    Жауап

    Ақтөбе облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы (АО) - бұл өңірдегі оқиғаларға нақты уақыт режимінде мониторингті, талдауды және жедел ден қоюды қамтамасыз ететін заманауи цифрлық платформа. Орталық 10 000-нан астам бейнекамералармен, қалалық техниканың GPS мониторингімен, коммуналды...

    Сұрақ

    Ұялы байланыс тарифтері туралы

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Бұл шешім телекоммуникация саласында бәсекелестікті дамыту мақсатында қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Б...

    Сұрақ

    Байланыс сапасына шағымды қалай жолдауға болады?

    Жауап

    Егер сіз мобильді немесе интернет байланысының сапасына (төмен жылдамдық, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.) қатысты қиындықтарға тап болсаңыз, уәкілетті органға шағым жолдай аласыз. Қайда жүгіну керек? Шағымды келесі тәсілдердің бірі арқылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,...