«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Бұдан басқа, көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы. Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымданудың тағы бір тәсілі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну болып табылады.