Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қандай әдептік талаптарды қояды?
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.